Этносаралық бірлікті нығайту: ОАИУ студенттерінің қатысуымен өткен кездесу
5.09.2025ж. Орталық Азия Инновациялық Университетінің Педагогика кафедрасының студенттері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті “Қоғамдық келісім” РММ қызметкерлері және қалалық “Ассамблея жастары” ұйымының өкілдерімен мазмұнды кездесу өткізді.
🤝 Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында ұлтаралық татулықты нығайту, қоғамдық келісім мен бірлікті насихаттау.
📢 Кездесу барысында студенттер өз ойларын ортаға салып, этносаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы жайлы пікір алмасты.
✨ Болашақ педагогтар үшін бұл шара – үлкен тәжірибе мен шабыт көзі болды!
ОАИУ #АссамблеяЖастары #ҚоғамдықКелісім #ЭтносаралықҚатынастар #ЖастарБірлігі #ҰлтБірлігі #БілімЖолы
