Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XVII республикалық пәндік олимпиада

2025 жылғы 5 мамырда Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «КЕАҚ» Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының Кәсіптік білім беру кафедрасы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен іс-шаралар шеңберінде Алматы қаласында 6В01450- Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары білімі ғылым министрлігі бекіткен іс-шаралар шеңберінде жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVII республикалық пәндік олимпиада өткізді. Осы олимпиадаға қатысқан 6В01403– «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасының 3,4 курс студенттеріне жетекшілік жасаған Жунисова Набат Алибайқызы және  студенттер Дюсенбек Зарина Қанатқызы, Иристаева Мадина Ахматовна, Бекмуродова Улдана Бахрамовна, Өмірзақова Әсел Мирзахмедовна теориялық және практикалық жеңістердің нәтижелері бойынша I Дәрежелі  Дипломға ие болды.  Орталық Азия Инновацияялық Университетінің басшылығы студенттерге ғылыми білімдерін шыңдағаны және өздерінің шығармашылық қабілеттері мен кәсіби құзыреттіліктерін көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Share this Post