«Жатақхана өмірі – қызыққа толы» атты тәрбиелік іс-шара
Өткізу күні: 22 қазан 2026 жыл
Өткізу уақыты: сағат 16:00
Өткізу орны: Алдиярова 10 Жатақхана
«Экономика және басқару» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен 22 қазан 2026 жылы «Жатақхана өмірі – қызыққа толы» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шара білім алушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, өзара сыйластық пен ұйымшылдықты қалыптастыруға бағытталды. Кездесу барысында оқытушылар жатақханада тұру мәдениеті, ортақ мүлікке ұқыпты қарау және бос уақытты тиімді өткізу мәселелеріне тоқталды. Білім алушылар жатақхана өміріндегі қызықты сәттерімен бөлісіп, өзара қолдау мен татулықтың маңызы жөнінде пікір алмасты. Бағдарлама танысу ойындарын, көңілді сайыстарды, шығармашылық өнер көрсетуді және жатақхана өміріндегі қызықты оқиғалармен бөлісуді қамтиды.

