Менің жетістігім – менің нәтижем
2024 жылдың 24 қыркүйегінде Орталық Азия инновациялық университетінде 6В04201- Құқық, 6В04203-Құқықтану білім беру бағдарларының 4-курс және 2-курс білім алушылармен «Менің жетістігім — менің нәтижем» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Құқық кафедрасының аға оқытушысы А.Ш. Жайлауова тәрбие сағатын аша отырып, жетістіктің мәні мен маңызын түсіндірді. Ол білім алушыларға жетістікке жетудің бірнеше негізгі факторлары: мақсат қою, еңбектену, жауапкершілік және уақытты дұрыс басқару туралы айтып өтті. Жетістік — тек академиялық көрсеткіштер ғана емес, сонымен қатар, жеке даму, әлеуметтік қарым-қатынастар және өмірлік тәжірибе жинақтау екендігін атап өтті. Білім алушылар өз жетістіктері мен нәтижелері туралы ой бөлісіп, оқу мен өмірдегі мақсаттарына жету жолдарын талқылады.
Шара соңында Пк21-1Һ, ЮРк23-2Һ, ЮРр23-1Һ тобының білім алушылары өздерінің жетістіктерін одан әрі арттыруға ниеттеніп, алдағы оқу жылында белсенділік танытуға уәде берді. «Менің жетістігім — менің нәтижем» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған дөңгелек үстел білім алушыларға мотивациясын көтеріп, мақсаттарына жету жолында жаңа серпін берді.