«АФМ online 2024» форум

04.06.2024 жылы «Қаржылық пирамидаларды қалай тануға болады, дропперлер кімдер және заңды бұзбау туралы басқа да кеңестер» тақырыбында «АФМ online 2024» ауқымды форумы өтті.

Шара экономика, білім және ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші сарапшылардың басын қосып, өз тәжірибесі мен білімін кең аудиториямен бөлісті.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – қаржылық пирамидалардың, «Дропперлердің» және краудфандингтің белгілерін түсіндіру, сонымен қатар блогерлердің заңды қызметін жүргізудің құқықтық нормаларымен таныстыру.

Форумға қатысушылардың қатарында экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылары, «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» өкілдері, еліміздегі ең үздік 35 жоғары оқу орнының өкілдері, оның ішінде Орталық Азия инновациялық университетінің оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ танымал блогерлер болды. “АФМ online 2024” форумы қаржылық сауатты қоғам құруға жасалған қадам болды.

Share this Post