Cтартап «Менің арманым»

12.04.2024ж «Менің арманым» жастар бизнес-жобасы Қазақстан мен Оңтүстік өңірінің, магистранттар, жоғары оқу орындары мен  колледж студенттері арасында (стартап) алтыншы республикалық байқауы өз мәресіне жетті.

Сайыстың мақсаты –инновациялық ойларды жандандыру арқылы білім алушыларды бизнеске тарту: студенттер арасында инновациялық жобаны анықтау және іріктеу; білім беру ортасында инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау.

Байқаудың сараптамалық комиссиясы құрамына:

1. Абдикадирова Акниет Маратовна

          –      Шымкент қаласының кәсіпкерлерді қолдау Палатасы, адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы

2. Канлыбаев Мугазан Нурмаанович

            –    «Даму Кәсіпкерлерді дамыту қоры» АҚ, Шымкент қаласындағы филиалы директорының м.а.

3. Атенова Алия Мырзабековна

  • Э.ғ.к., профессор М.Әуезов атындағы ОҚУ

4. Нұржан Кеңесұлы Әбдікәрім

  • Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы- «Қоғамдық келісім» КММ-нің заңгері

5. Кәсіпкерлер  бизнес өкілдері

Байқаудың нәтижесінде Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Алькея Маргуланатындағы Павлодар педагогикалық университеті, Х.Досмухамедов атындағы Атырау университет, Орал қаласындағы Қазақстан телекоммуникациялар және инновациялық жүйелер университеті, «Мирас» университеті, Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі, Мирас колледжі жалпы – 56 жобаның арасынан ақтық сайысқа іріктелген – 14 жобаның арасынан:

         Бас жүлдені Орталық Азия Инновациялық университетінің Е. Жаксылыков жетекшілігімен «Математика, физика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының 2-курс «Математика, физика және ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламасының білім алушысы Жақсылық Бекарыс;

1-орынды Мирас колледжінің «Ақпараттық технология  және есептеу техникасы» білім беру бағдарламасының білім алушысы» Мустафаева Лейла Темуровнаның жетекшілігімен Завацкий Борис Александрович;

         2-орынды Орталық Азия Инновациялық университетінің «Бизнес және туризм» кафедрасының кафедра меңгерушісі э.ғ.к., А.А.Шадиеваның жетекшілігімен «Туризм» білім беру бағдарламасының білім алушылары: Жұмат Ерсұлтан мен Жұмат Нұрсұлтан және Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты Атова Сымбат Жұматайқызының жетекшілігімен «Химия және биология» білім беру бағдарламасының білім алушысы: Зейнел Эльнура бөлісті;

          3-орынды  Орталық Азия Инновациялық университетінің «Бизнес және туризм» кафедрасының Г.Ж.Аметованың жетекшілігімен «мемлекеттік жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының білім алушысы Ахметов Олжас, Алькея Маргулан атындағы Павладар педагогикалық университетінің  «Екі шет тілі»  білім беру бағдарламасының білім алушысы Кенжебаев Алихан Ерланович және Орталық Азия Инновациялық университетінің «Экономика және басқару» кафедрасының оқытушысы Б.Қамбаровтың жетекшілігімен Батырхан Ақбілек бөлісті.

Share this Post