“Химия, биология және экология”  кафедрасының ұйымдастыруымен білім апталығы өтті

8-11 сәуір аралығында “Химия, биология және экология”  кафедрасының ұйымдастыруымен 6В01503-Биология, 6В01505-Химия-биология, 6В05201-Экология білім беру бағдарламасының білім алушылар арасында   “Жаратылыстану-құзіреттілікке бағытталған ғылым” атты білім апталығы өтті.

Бұл апталықтың мақсаты: «Биология және химия, экология сабақтары барысында білім алушылардың функционалдық сауаттылықты арттыру негізінде білім алушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру. Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім тұлғаны  жетілдіру.  Оқушыларды экологиялық мәдениетке және табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу».

 Апталықтың 1-ші күнінде  «Студенттер шығармашылығы” атты пәндік көрме өтті.  Білім алушылар өздерінің жасаған еңбектерімен таныстырды. Көрермендерге қызықты сұрақтар қойылып арнайы сыйлықтар берілді.

Білім апталығының  2-ші күнінде Сайрам-Өгем” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында “Экологиялық ағарту және туризм” бөлімінің бастығы Қалыбаев Қ.Р., Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің табиғи жағдайы тақырыбында дәріс  берді, парктің тыныс тіршілігімен таныстырды. Арнайы видео көрсетіліп білім алушыларға қызықты материалдарымен таныстырды. Бердиева К.А., Нұрханұлы Қ., Тағай Д., – Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің инженерлері  Өгем МҰТП дендрофлорасының тіршілік формалары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы және оларды қорғау жұмыстары туралы көптеген мағұлматтар берілді.

Парк территориясында 7 табиғат зонасы бар, шөлейттен бастап тау зонасына дейінгі,  онда өсімдіктің 1635 түрі, сүтқоректілердің 59 түрі, құстардың 300 түрі кездеседі. Парктің өсімдік әлемі өте ерекше. Мұнда Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген өсімдіктердің 240 түрі өседі. Ерекше атап өтетін жай қызыл кітапқа енген өсімдіктердің барлығы түрі жойылуға жақын немесе сирек кездесетін өсімдіктер болып табылатынын айттып өтті. Кездесу өте жоғары деңгейде өтілді. Білім алушылар сұрақтар қойып керекті мағұлматтарды алды.

Апталықтың 3-ші күні 6В 01503 -“Биология”; 6В01505-“Химия-биология”; 6В05201 -“Экология” Білім бағдарласы білім алушылары арасында олимпиада өтті. Қорытындылай келе, комиссия құрамы білім алушылардың арасынан  I, II, III орын иегерлерін анықтады. Орын  алған білім алушылар мадақтама және сыйлықтармен марапатталды.

І орын иелері: БГк23-1 h тобының студенті Насырова Р. К.; ХБк 21-1 h тобының студенті Касимбекова Н.М.; ЭГк-21-1h топ студенті Мырзалиева М.Т.

Білім апталығы өз жұмыстарын қорытындылап болған соң,   концерттік бағдарлама қойылып ең белсенді қатысқан білім алушылар мақтау қағазымен марапатталды.

Share this Post