15 наурыз – Қайырымдылық күні

Бүгін  наурызнама бойынша қайырымдылық күні. Сондай-ақ мейірімділік пен татулық насихатталатын күн. Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, рухани қолдау, көңілі жүдеу адамды жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды. Бұл игі дәстүр,жас ұрпаққа үлгі болып,әрі олардың қоғамда жанашырлық, мұқтажға көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылыстарын арттырады. 15 наурыз «Қайырымдылық» күні аясында, «Бизнес және туризм» кафедрасының білім алушылары мен оқытушылары арнайы мерекемен құттықтау іс-шарасын өткізді. Олар, қаламыздың тұрғыны Амитова Күләш апаның шаңырағына барып,көктемгі мерекемен құттықтап жылы лебіздерін білдіріп қайтты.

Share this Post