Ғылым мен жоғары білімнің үздік өкілдері марапатталды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 1-2 наурызында «Қазақ тілі – ғылым тілі» тақырыбында симпозиум және « “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы”, “Үздік ғылыми қызметкері”, Ғылым саласындағы сыйлықақылар”, Мемлекеттік ғылыми стипендия” иегер жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Орталық Азия Инновациялық университетінің қос бірдей қызметкерін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С.Нурбек құттықтап төсбелгілер мен куәліктер және сертификаттпен марапаттады.
Нақты айтсақ, Орталық Азия Инновациялық университеті “Химия, биология, және экология” кафедрасының доценті,
Мониторинг, сапа менеджмент жүйесі және аккредитация бөлімінің басшысы “ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫ -2023 атағының иегері Кылышбаева Гульнар Бакирамовна және “МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ СТИПЕНДИЯ -2023” иегері құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Озенбаева Айгерим Тойлыбаевна жеңімпаздар болып марапатқа ие болды.

Share this Post