«Жастарды спортқа баулу» және «Нашақорлық және маскүнемдіктің алдын алу» тақырыптарындағы семинар

15-ақпан күні Орталық Азия Инновациялық университетінің білім алушы жастарына қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Психологиялық денсаулық” орталығы, сонымен бірге Шымкент қаласының Полиция депортаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесе «Жастарды спортқа баулу» , ” Нашақорлық және маскүнемдіктің алдын алу” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін арнайы кездесу ұйымдастырылды.
• Шараның мақсаты – жастарды есірткіге тәуелділіктен қорғау, алдын алу, болдырмау және жолын кесу, сондай-ак отбасылық, құндылықтарды насихаттау және спортқа баулу болып табылады. Шара барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Share this Post