Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша қалалық олимпиада
Орталық Азия инновациялық университеті мен «Parasat AJ» мектебінің ұйымдастыруымен «Құқық негіздері» пәні бойынша пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиада өткізу жыл сайынғы үрдіске айналып 2-жыл қатарынан өткізіліп келеді. Ал оған мұрандық болған мектеп директоры Нуркешов Бауыржан Боранбайұлы мен тәрбие жөніндегі орынбасарлары Мырзакулов Муслим мен Жанна Алтынбекқызы. Биылғы іс-шараға мектептің 10-сынып оқушылары қатысып, оларға төрелік етуге Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық заң консультациясының адвокаты, Құқық кафедрасының аға оқытушысы Мамраева Ақмарал, заң ғылымының кандидаты Бейсембаева Ақмейір, Құқық кафедрасының аға оқытушысы Қаныбеков Әділбек мырзалар барды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және «тәртіпке бағынған құл болмайды»-деген нақыл сөзді өмірлік қағида ретінде түсіндіру болып табылады.