«Сапалы білім беру» атты оқу – әдістемелік семинар ұйымдастырылды

2024 жыл 09 қаңтарда «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» және Орталық Азия Инновациялық Университетімен ортада түзілген оқу-әдістемелік көмек беру келісшарт негізінде универтитет базасында «Сапалы білім беру» атты оқу – әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
«Сапалы білім беру» семинардың мақсаты – педагогикалық білім беру бағдарламасын даярлауда инновациялық технологияларды пайдалана білу мен қолданудағы педагогикалық шеберліктерін жетілдіруде тәжірибе алмасу.
«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушылары Кужимова Ж.Т. және Тулегенова Б.С. «Action Reserch, Jesson Study, Learninq Study әдістерін қолдану теориясы мен практикасы» тақырыбында шебер сынып және тренингтер өткізді.
Университеттің профессорлық оқытушылар құрамы бүгінгі семинар педагогтік маман ретінде кәсіби шеберліктерін, әдістемелерін өз қоржындарын толықтыруда, жұмыстарын алға жылжытуда үлкен қолдау көрсетілгеніне ырзашылықтарын білдірді. Мекеме басшылары бұл игілікті, сапалы іс-шараның алдағы уақытта да жалғасын табатындығын атап өтті.

Share this Post