«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

ОАИУ-дің қызметкері «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ.
⚜️ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2023» байқауының жеңімпаздарының есімдері белгілі болды.
Республикалық конкурстық комиссия оқытушылар арасынан үздіктерді таңдады. 43 қазақстандық ЖОО-ның 150 оқытушысы жеңімпаз атанды.
Ақшалай ынталандырудан басқа, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары төсбелгіге ие болады.
Конкурс жыл сайын оқытушы мамандығының беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.
Байқауға еліміздің 80 жоғары оқу орнынан барлығы 768 үміткер қатысты.
Осы үміткерлердің ішінен біздің КЫЛЫШБАЕВА ГУЛЬНАР БАКИРАМОВНА жеңіске жеткеніне қуаныштымыз.
Құрметті ГУЛЬНАР БАКИРАМОВНА, жеңісіңіз құтты болсын! Университетіміздің абыройын асқақтатып, дамуына үлкен еңбек етіп келесіз. Сізге шығармашылық табыс тілейміз!

Share this Post