Creative Industry of Shymkent Forum 2023

2023 жылғы 14 желтоқсанда Шымкентте “Creative Shustry of Shymkent” форумы өтті. Форум креативті индустрия, оның ішінде туристік дестинация субъектілерімен пікір алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Шығармашылық индустрия саласында ортақ алаң, жаңалықтар алмасу құрылды. Іс-шараға туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, Шымкент әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, сондай-ақ Қырғызстан,Өзбекстан және Ресейден туризм саласынан шақырылған қонақтар қатысты.  Біз Қазақстанның креативті индустриясы және оның өз экономикасының өсуінің жаңа көздерін қалыптастырып қана қоймай, ірі мегаполистердің эксклюзивті экожүйелерін құруға серпін бере отырып, жылдам қарқынмен қалай дамып жатқаны туралы өзекті ақпарат алдық.

Share this Post