Орталық Азия инновациялық университетінің мәжіліс залында  «Лингвокультурология в современном мире» тақырыбында бірлескен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

2023 жылғы 13 желтоқсанда Орталық Азия инновациялық университетінің мәжіліс залында  Орталық Азия инновациялық университеті  мен Тамбов облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты арасындағы ынтымақтастық келісім мен Орыс тілінде ашық білім беру және орыс тілін оқыту орталығының жоспарына сәйкес «Лингвокультурология в современном мире» тақырыбында бірлескен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Ресей Федерациясы Білім министрлігінің «Халықаралық ынтымақтастық орталығы», сараптамалық және аналитикалық менеджмент салаларының үйлестірушісі Найденов В.А., Ресей Федерациясы Тамбов облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының бірінші проректоры Т.В.Мирзаева,  Тамбов облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының ғылыми-әдістемелік жұмыстар және жобалау қызметі жөніндегі проректоры Е.А.Примакова,  Тамбов облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының Білім беру жүйесін дамытуды басқару кафедрасының әдіскері, ғылыми-әдістемелік жұмыстар және жобалау қызметі жөніндегі проректоры Е.Д.Витютнева, э.ғ.к., доцент, «Білім беру саласына қатысушылардың одағы» әлеуметтік-бағдарланған коммерциялық емес ұйымының вице-президенті Ю.А.Соловьева, сияқты білікті ғалым-мамандар қатысып, екі мекеме арасындағы ынтымақтастық туралы жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ,  пленарлық мәжілісте жалпыресейлік лингвист-когнитологтар бірлестігінің президенті, ф.ғ.д., доцент Безукладова И.Ю., Г.Р.Державин атындағы Тамбов мемлекеттік  университеті орыс тілі кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Щербак А.С., Шанхай шетел тілдері университетінің докторанты Чжан Ливей, «Ала-Тоо» Халықаралық университеті факультетаралық кафедрасының доценті, ф.ғ.к., Орозова А.К., ОАИУ тілдер және әдебиет кафедрасының доценті, п.ғ.к., Раимов А.Б., т.б. ғылыми баяндама жасады.  Ғылыми-практикалық конференцияда барысында заманауи лингвомәдениеттанудың өзекті мәселелері қозғалып, жас зерттеушілердің ғылыми ізденістеріне тың серпін берді.

Share this Post