БАС ЖҮЛДЕ – БІЗДІҢ СТУДЕНТТІҢ ЕНШІСІНДЕ

Қуанышты жаңалықпен бөлісейік достар. Дәстүрлі түрде, өнердің барлық жанрын қамтитын ХАЛЫҚАРАЛЫҚ “ЖҰЛДЫЗ ART” байқауында БІЗДІҢ ОАИУ-НІҢ 3 – курс студенті ӘДІЛБЕК ҒАНИСҰЛТАН “Дәстүрлі ән” номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ. Жетекшісі – Жақсыбеков Сайлаубек. Ғанисұлтан алда Ыстық көлде өтетін Халықаралық байқауға жолдама алды. Жеңімпазды қабылдаған проректор Н.Ж.Дүйсенов Ғанисұлтанға сәттілік тілеп, жеңісімен құттықтады.
МАҚТАНЫШЫМЫЗҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!!!

Share this Post