14 — қазан Бүкіләлемдік стандарттау күні

Бүгін , «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ПМК Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалы мен Орталық Азия Инновациялық университетімен бірге
14 — қазан Бүкіләлемдік стандарттау күні мерекесіне орай арнайы дөңгелек үстел өткізді..
Дөңгелек үстелге мемлекеттік орган басшылары мен өкілдері, ҚР СИМ ТРМК Түркістан, Қызылорда, Жамбыл областары және Шымкент қаласы бойынша департамент өкілдері, Шымкент қаласы Әкімдігінің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді құттықтау сөзімен «ҚазСтандарт» РМК филиалының директоры — Бейсеев Сәкен Әнуарбекұлы және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы — Есқараев Бастар Әуелханұлы ашты.
Дөңгелек үстелдің басты тақырыбы жыл сайын 14 қазанда атап өтілетін «Дүниежүзілік стандарттау күні» болды. Бұл халықаралық күннің негізгі міндеті — жұртшылықтың назарын бірыңғай стандарттарды құруға байланысты іс-қимылдардың маңыздылығына аудару.
Іс-шара соңында дөңгелек үстел ұйымдастырушылары дарындылығын, білімі мен тәжірибесін стандарттау, метрология және сертификаттау ісіне арнап жүрген мамандарға алғысын білдіріп, кәсіби мерекелерімен құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады.

Share this Post