2023 жылы 13-қыркүйек күні сағат 9:30-да, Орталық Азия Инновациялық университетіңде, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Әлжанова Жазира Салханқызымен университет профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар арасында кездесу өткізілді. Кездесудің басты мақсаты – ұжымда және жастар бойында парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету, сондай-ақ жастар арасында департамент өкілдерінің қатысуымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады. Іс-шара еркін форматта өтіп, адал жолмен жетістікке жету бойынша қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Жастарға берері мол кездесуде спикер қатысушылардың сауалдарына жауап берді.