ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Біздің «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасының білім алушысы Садық Индира «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атанды.
ИНДИРА Астана қаласында өткен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты республикалық байқауына қатысып, жеңіске жетті. Байқау мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын ҚР жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген болатын. І дәрежелі дипломды жеңіп алған жеңімпазымыз САДЫҚ ИНДИРА ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫН бүгін университеттің бірінші проректоры А.С.Ажидинов қабылдап, құттықтады. Студентімізді шын жүректен құттықтаймыз

Share this Post