Білім беруді реформалау мәселесін талқылау

Ағымдағы жылдың 12 сәуірі күні Орталық Азия инновациялық университетінде   «Жоғары білім берудің орталық азия кеңістігі: аймақтық ынтымақтастық, ұлттық реформалар» атты тақырыпта халықаралық-ғылыми тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияда негізінен отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және құқықтық дамуының өзекті мәселелері талқыланып, білім мен ғылымды дамытудың оңтайлы нысандары мен бағыттары анықталды.

Аталған іс-шарада  9  баяндама талқыланды. Баяндамашылар арасында Польша, Түркия, Ресей, Өзбекстан сияқты елдерден де шет елдік ғалымдар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Олар әр түрлі 8 секция бойынша бөлініп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Конфереция қорытындысы бойынша өздерінің жаңашылдығымен, мазмұндылығымен көзге түскен көзге түскен бірнеше ғалымдар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Share this Post