Балаларға қуаныш сыйлаймыз! Біз студенттерге жақсылық беру қажеттілігін тәрбиелейміз.
13.12.2022ж.”Педагогика”кафедрасының ұйымдастыруымен, №4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына студенттерімізбен бірге психологиялық ахуалдарын орнату және көңіл-күйлеріне деген ыстық ықыласпен концерттік бағдарламамен балаларға жол тартты.Мақсатымыз балаларға қуаныш,мейірімділік пен керемет көңіл күй сыйлап,олардың жүректеріне жарқын болашақтың үмітін сезіндіру болатын.Біздің студенттер балаларға деген сыйлықтарын дайындап,жақсы көңіл-күй сыйлай білді.Олармен қызықты психологиялық тренинг өткізіп,әртүрлі ойындар ойнап,би билеп өздерінің бар ықыластарын салды.Іс-шара концерттік бағдарламамен шектеліп қана қоймай,жас буынға мейірімділік, сыйластық, жақсылық туралы ой қозғап, Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығымен әр мен қарай бірлесе жұмыс жасауға көптеген жоспарлар жасалынды.