Дрезден техникалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы қатысуымен семинар-тренинг өтті

17 қазан 2022 жылы  Орталық Азия инновациялық университетінде «Педагогика және тілдер» факультеті, «Тілдер және әдебиет» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы  мен студенттерімен Филология ғылымдарының докторы, Дрезден техникалық университетінің профессоры, «Славянтану» кафедрасының меңгерушісі Х.Куссе қатысуымен семинар болып өтті. Семинардың мақсаты жоғары оқу орындарында шет тілдерін оқытуда инновациялық технологияларды енгізу, тәжірибе алмасуды ұйымдастыру. Пофессор Холгер Куссе өз баяндамасында Германияның Дрезден қаласымен, ондағы мәдени орындарымен, өзінің жұмыс жасайтын университетімен және ондағы оқу процесінің ерекшеліктерімен таныстырды. Сонымен қатар, «Мәдени лингвистика», «Толстойдың даналық тілі», «Прагмасемантика» сияқты еңбектерінің мазмұнымен таныстырды.

Дрезден техникалық университетінің айрықша ерекшелігі – теория мен практиканың тығыз байланыста болып, Volkswagen автомобиль концерні және озық микропроцессорлар шығаратын көптеген жоғары технологиялық кәсіпорындар және компаниялармен ынтымақтаса отырып, студенттер жыл сайынғы тәжірибеден өтіп, осы компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігіне жол ашады.

Дрезден ТУ профессоры Холгер Куссе бір уақытта оқуға мүмкіндік беретін қос дипломдық бағдарламалар, құрылыс және машина жасау, химия, электротехника, информатика, әлеуметтану, лингвистика, әдебиет және мәдениеттану, экономика мамандықтары бойынша қосарланған бағдарламалармен таныстырып болашақта екі университет ортасында бірге ғылыми зерттеу жұмыстарын алып баруды ұсынды.

Share this Post