ОАИУ “Менің арманым” атты жастар стартап – бизнес жобасының Республикалық байқауы өтті

       Орталық-Азия инновациялық университеті (ОАИУ) жыл сайын ұйымдастыратын «Менің арманым» жастар бизнес-жобаларының республикалық стартап байқауының төртінші маусымының барлық қатысушыларын қарсы алады. Жыл сайын қатысуға ниет білдірушілер саны артып, жоба халықаралық сипатқа ие болуда. Байқау онлайн және офлайн форматында өтеді. Биылғы маусымға Тараз, Орал, Талдықорған, Қарағанды ​​және Шымкент қалаларының жоғары оқу орындарының командалары қатысты.    

      2022 жылдың 19-20 сәуір аралығында бірінші іріктеу кезеңі өтті, онда ұсынылған барлық 48 бизнес-жоба талқыланды. Нәтижесінде үздік 20 жоба финалға өтті, олар университеттің профессор-оқытушылар құрамының сарапшылары, қаланың жетекші кәсіпкерлері тарапынан қаралып, ұсынылды.








 Финалға өткен жобалар
1Sara балаларды дамыту орталығы
2Жасанды қоректену ортасында өсімдіктерд өсіру технологияларын әзірлеу
3KEMPING. Түркістан облысы туристік нысандарында кемпингті құру және пайдалану
4BAGALYM  «Бағалым»
5«3D.SAULET.KZ»  орталығы
6«Кәсіби киім дизайнері»
7Университет маңындағы аумақты көгалдандыру
8Жеке тазалық станциясы
9«Глэмпинг» ті ұйымдастыру
10Тұрғындардың қоқысты жинауы мен сұрыптауын ұйымдастыру арқылы Шымкент қаласы тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру науқаны (нысаналы объектісі: Әл – Фараби ауданы)
11Лимон өсіру
12Маркетплейстермен серіктес болу (Wildberries)
13“Crystal” қолөнерлік бұйым
14Lige is Better (LIB) Жұмысшы атауы
15Инновациялық әдістерді пайдалану арқылы ағаш түрінде құрылыс материалдарын шығару
16DuringMaps
17Балаларды дамытуға арналған ағаштан жасалған ойыншықтар
18«Crispy Fruits» жемістер мен көкөністерден чипстер өндіру бизнес жоспары
19«JETISU GREEN VOLT»
20Жоғары оқу орындары жүйесінде Cash back қолдану және “Study and save” s@S (“оқы және үнемде”) электрондық бағдарламасын әзірлеу

Байқауға ұсынылған жобалардың ішінде өте қызықты, тартымды және болашағы зор бизнес-идеялар бар. Осы идеялардың ішінде жеңімпаздарды анықтау үшін тәуелсіз қазылар алқасы құрылды, оның құрамында:

Жолдасов Б.С. – «QAZAQBILIM CENTER» рекрутингтік компанияның  директоры

Рахимов Б. – «Color IT» – фирмасының директоры

Өткелбаев М. – «Атамекен» ҰКП бөлім басшысы.












ОрынҚатысушылар аты-жөніОқу орныЖетекшіЖоба тақырыбыЖүлде қоры
Гран приАғабек Сара ӘшірханқызыЦентрально-Азиатский Инновационный университетДарибаева Мадина Доскуловна«Sаrа» балаларды дамыту орталығы100.000 тг
1 местоАгишева Эльвира РадиковнаЖәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті«Экономика және аудит» жоғары мектебінің доцент м.а., PhD Кенжин Жаксат Болатович«Crispy Fruits» жемістер мен көкөністерден чипстер өндіру бизнес жоспары60.000 тг
2 местоБазарбек Мухтархан ТөлегенұлыОАИУ  Академик Мардан Сапарбаев институтыЭ.ғ.к. Абилгазиева Ж.Е., магистр Жаздықбаева Д.П.Лимон өсіру40.000 тг
2 местоБерді Ерасыл СырымұлыPhD Куатбеков Ж.А.Балаларды дамытуға арналған ағаштан жасалған ойыншықтар40.000 тг
3 местоПата Канат

Назар Губайдуллин

МирасДавлеткановаСтанция личной гигиеной20.000тг
3 местоХамидиллаев Бекмұрат ЗиядиллаұлыОАИУ  Академик Мардан Сапарбаев институтыМагистр Еркіналиева Р.DuringMaps20.000тг
3 местоОмархан МейрамбекZhansugurov College

Талдықорған қ.

Абзалқызы Г., Наурызбаева С., Жанузыкова Б.«JETISU GREEN VOLT»20.000тг

2022 жылдың 22 сәуірінде екінші турға өткен бизнес-жобалар арасында қорытынды іріктеу өткізіліп, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен жеке сыйлықтар табысталады. Жеңімпаздардың идеялары одан әрі іске асыру үшін кәсіпкер-инвесторларға ұсынылады.

Share this Post