Магистратураға қабылдау ережелері
Магистратураға түсушілерге
Өтініш қабылдау мерзімдері, қабылдау шарттары, санаттар және құжаттар тізімі.
Өтініш қабылдау және КТ өткізу
- КТ-ға өтініш (онлайн, ҰТО): 1 маусым — 8 шілде / 28 қазан — 10 қараша
- Кешенді тестілеу (КТ): 20 шілде — 10 тамыз / 19 қараша — 11 желтоқсан
- Мемлекеттік грант конкурсына өтініштер: 11 — 15 тамыз / 12 — 20 желтоқсан (нақты күндерді ЖОО қабылдау комиссиясынан нақтылаңыз)
- ЖОО-ға қабылдау: 15 — 28 тамыз / 26 желтоқсан — 10 қаңтар
КТ-ға өтініш Ұлттық тестілеу орталығының сайтында талапкердің өзімен онлайн беріледі.
Қабылдау және грант
- Түсу — КТ нәтижелері бойынша: білім беру бағдарламалары тобының бейіндік пәндері, шет тілі және оқуға дайындық.
- Баллдар тең болғанда басымдық реті: 1) бейіндік пәндер; 2) оқуға дайындық; 3) шет тілі; 4) дипломдағы GPA және жұмыс өтілі.
Шетел азаматтары
Қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Тегін оқу құқығы халықаралық шарттармен және стипендиялық бағдарламалармен айқындалады.
Мерзімді әскери қызметтен өткендер
Профильді магистратураға ақылы негізде КТ-сыз, қабылдау комиссиясының әңгімелесу нәтижесімен, әскери қызметтен кейінгі 3 жыл ішінде қабылданады.
Басшылық/профильдік еңбек өтілі бар тұлғалар
5+ жыл басшылық лауазымында немесе профиль бойынша 10+ жыл еңбек өтілі болса — әңгімелесу нәтижесімен ақылы негізде қабылданады (№150 қаулы).
Құжаттар тізімі
- Ұйым басшысының атына еркін нысанда жазылған өтініш.
- Жоғары білім туралы құжат (3 тілдегі қосымшаларымен түпнұсқа) + көшірме.
- Жеке басын куәландыратын құжат (идентификация үшін) + көшірме.
- 3×4 см көлеміндегі 6 фото.
- 075-У нысанындағы медициналық анықтама (ҚР ДСМ №175/2020 бұйрығы).
- Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (бар болса) + көшірме:
- Ағылшын: IELTS Academic ≥ 6.0; TOEFL iBT ≥ 60
- Неміс: DSH (B2), TestDaF (B2)
- Француз: TFI / DELF / DALF / TCF — B2 деңгейі
- Еңбек қызметін растайтын құжат (бар тұлғалар үшін).
- Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі (бар болса).
Актуалды күндер мен талаптарды өз ЖОО-ңыздың қабылдау комиссиясынан нақтылаңыз.

Білім бөлімінің басшысы: Жаркинбеков Мурат Асанович
➤ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі нормативтік құжаттар
Магистранттардың жетістіктері
7М01503-Математика:
- Акт внедрения в учеб.проц. Турабаева М.Х.
- Акт внедрения в учеб.проц. Султанбек Д., Базарбай А., Амирбеков П.
- Акт внедрения в произв. Ибрагимова Э.С.
- Акт внедрения в произв. Жуматаева М., Кудайбергенова Р.
- Акт внедрения в произв. Жоргабаев Г., Анарматова У., Базарбай Д.
- Сертификат Турабаева М.Х.
- Сертификат Сагиолданов Т.Б.
- Сертификат Кыдыр А.
- Сертификат Ибрагимова С.
7М01504-Информатика:
- Акт внедрения в учеб.проц. Саукынбаев Ш.
- Акт внедрения в учеб.проц. Жунисова Г.М.
- Акт внедрения в произв. Умуржанов С.М.
- Сертификат Жунисова Г.М.
- Сертификат Саукынбаев Ш.
- Сертификат Умуржанов С.М.
7М01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

- Акт внедрение в произв. Кожагельдиева С.С., Болат А.
- Акт внедрение в произв. Кожагельдиева С.С., Мукашова Ж.
- Акт внедрение в произв. Кожагельдиева С.С., Мукашова У.
- Магистранттардың сертификаттары Абдраманова Г.Б
- Магистранттардың сертификаттары Самоха В.В
- Акт внедрение в произв. Ахмет Л.С., Ә.Д. Курбанова
- Акт внедрение в произв. Кожагельдиева С.С., Абдиева Ж.
- Акт внедрение в произв. Кожагельдиева С.С., Абдулла Жанат
- Акт внедрение в произв. Кожагельдиева С.С., Ахметова Назым
- Акт внедрение в произв. Кожагельдиева С.С., Рахимбекова М.
Орталық Азия Инновациялық Университеті екі сатылы «бакалавриат-магистратура»мамандарын даярлаудың заманауи жүйесіне толығымен көшкен халықаралық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.
Магистратурада білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау ғылыми-педагогикалық-оқу мерзімі 2 жыл және бейіндік бағыт бойынша-оқу мерзімі 1,5 жыл; 1 жыл жүзеге асырылады.
Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты жоғары оқу орындары мен ғылыми – зерттеу секторы үшін тереңдетілген ғылыми – педагогикалық даярлықпен кадрлар даярлауды жүзеге асырады.
Магистратураның бейінді түрі өндіріске және мамандықтардың тиісті салаларына арналған тереңдетілген білімі бар кадрларды дайындайды. Магистрант диплом алу үшін теориялық білім алып қана қоймай, тәжірибеден өтіп, магистрлік диссертацияны қорғайды.
Орталық Азия Инновациялық университетінің магистранттары ауқымды халықаралық байланыстар аясында жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарында оқу мен тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.
Қазіргі уақытта университет 10 мамандық бойынша магистрлерді қабылдауды жүзеге асырады, кадрларды дайындайды:
7М01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
7М01501 Химия
7М01502 Биология
7М01503 Математика
7М01504 Информатика
7М01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
7М01702 Шет тілі: екі шет тілі
7М01703 Орыс тілі мен әдебиеті
7М04101 Экономика
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі, 80, № 211 кабинет
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, 137, № 112 кабинет
E-mail: murat.asan.73@mail.ru