ЖИ орталығы Cow ID жобасы бойынша кейс-сессия өткізді

12 қарашада Жасанды интеллект орталығы студенттерге арналған кейс-сессия өткізіп, өзінің Cow ID жобасын таныстырды. Бұл — бейне арқылы сиырларды танып, ауру белгілерін әдеттегі тексеруден 1–2 күн бұрын байқауға көмектесетін жүйе.

Жоба Shymkent Hub-тағы AgriTech хакатонында 30 команданың ішінде 2-орын алған. Сессияда команда жүйенің жұмысын көрсетіп, жобаның идеядан прототипке дейінгі жолын айтып берді. Студенттер сұрақтар қойып, командамен бірге жоба идеясын және оның әрі қарай дамуын талқылады.

Студенттер үшін бұл нақты ЖИ-жобаның мәселеден жұмыс істейтін шешімге дейін қалай жасалатынын ішінен көру мүмкіндігі болды.

Share this Post