«Алаш әліппесі»: тарих пен тағылым тоғысқан семинар

Орталық Азия Инновациялық Университетінде белсенді студенттерге арналған Елдос Тоқтарбайдың «Алаш әліппесі» еңбегі негізінде танымдық семинар өтті.

Семинар спикері — Жастар саясаты департаментінің басшысы Карсанбек Рақатбек Нұржанұлы. Кездесу барысында Алаш қайраткерлерінің ұлт болашағы жолындағы қызметі, ағартушылық идеялары және қазақ тарихындағы орны талқыланды.

Қатысушылар Алаш мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңызына тоқталып, білімге ұмтылу, елге қызмет ету және ұлттық құндылықтарды сақтау туралы ой бөлісті.

Танымдық семинар студенттердің тарихи танымын тереңдетуге, ұлттық мұраға құрметін арттыруға және Алаш қайраткерлерінің еңбектерін кеңінен зерделеуге бағытталды.

Share this Post