«Студенттік арнау кеші – 2026»: жастық жалын мен өнер тоғысқан ерекше кеш
Орталық Азия инновациялық университетінде студенттік өмірдің маңызды әрі есте қаларлық дәстүрлерінің бірі – «Студенттік арнау кеші – 2026» салтанатты түрде өтті.
Мерекелік кештің басты мақсаты – студенттер арасындағы достық пен бірлікті нығайту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және университет өміріне жаңадан қадам басқан жастарға ерекше көңіл күй сыйлау.
Кеш барысында университеттің студенттік ұйымдары өздерінің өнері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салып, көрермендерге мазмұнды әрі әсерлі қойылымдар ұсынды. Ұйымдар арасындағы тартысты өнер додасының қорытындысы бойынша «Қамқор» волонтерлік ұйымы үздік өнер көрсетіп, «Ояу жастар» ауыспалы кубогының иегері атанды.
Шараның сәнін арнайы қонақтар – Ғазизхан Шекербек пен Қымбат Шашубайдың өнер көрсетуі аша түсті. Ән мен әуенге толы кеш қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік атмосфераны одан әрі жандандырды.
«Студенттік арнау кеші – 2026» – тек мерекелік іс-шара ғана емес, студенттердің басын біріктіріп, жаңа достықтың қалыптасуына, шығармашылық әлеуеттің ашылуына және жарқын естеліктердің дүниеге келуіне жол ашқан ерекше мереке болды.
Орталық Азия инновациялық университеті – жалынды жастардың, жарқын бастамалар мен үлкен армандардың ордасы!
