«АЗАТ РУХ – ТӘУЕЛСІЗДІК КУБОГЫ»: ОАИУ-ДА ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

2026 жылғы 29 қазанда Республика күніне орай Орталық Азия Инновациялық университетінде І курс студенттері арасында «Азат рух – Тәуелсіздік кубогы» атты кафедрааралық волейбол турнирі ұйымдастырылды.

Спорттық додаға университеттің сегіз кафедрасынан сегіз команда қатысып, өзара бақ сынады. Тартысты ойын барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, командалық ауызбіршілікті және жеңіске деген жігерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

І орын – «Қыран» командасы
БӘД және дене шынықтыру (2) кафедрасы.

ІІ орын – «Көк бөрі» командасы
Математика, физика және информатика кафедрасы.

ІІІ орын – БӘД және дене шынықтыру (1) кафедрасының командасы.

Турнир барысында әр команда өз кафедрасының намысын абыроймен қорғап, көрермендерге тартысты әрі әсерлі ойын сыйлады.

Университет ұжымы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтап, жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына үлес қосқан ұйымдастырушыларға, төрешілерге, қатысушыларға және жанкүйерлерге алғыс білдіреді.

«Бірлік бар жерде – жеңіс бар!» ұранымен өткен бұл турнир студенттер арасындағы достықты, ынтымақтастықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды спорттық шара болды.

Share this Post