«ZHUBANOV CUP VIII» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСТЫ

2026 жылғы 17–18 қазан күндері Орталық Азия Инновациялық университетінің «Риторика» интеллектуалды пікірсайыс клубының мүшелері Ақтөбе қаласында өткен «ZHUBANOV CUP VIII» республикалық пікірсайыс турниріне қатысты.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ұйымдастыруымен өткен турнирге еліміздің түрлі өңірлерінен пікірсайысшылар жиналды. Аталған іс-шара жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, шешендік шеберлігін жетілдіруге, өз көзқарастарын дәлелді түрде жеткізуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Турнир барысында университетіміздің студенттері республикалық деңгейдегі пікірсайыс алаңында белсенділік танытып, өз білімдері мен зияткерлік қабілеттерін шыңдады.

Студенттердің жан-жақты дамуына қолдау көрсетіп, республикалық деңгейдегі зияткерлік сайыстарға қатысуына жағдай жасаған университет басшылығына алғыс білдіреміз.

Алдағы уақытта да «Риторика» интеллектуалды пікірсайыс клубы республикалық турнирлерге белсенді қатысып, университетіміздің абыройын арттыруға өз үлесін қоса бермек.

Share this Post