«Тәуелсіздік – мемлекеттілік пен ұлттық дамудың негізі» тақырыбында семинар өтті
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихи маңызы, еліміздің қалыптасуы мен даму жолы, қазіргі қоғамдық-құқықтық мәселелер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және экологиялық қауіпсіздік мәселелері кеңінен қарастырылды.
Іс-шараға білікті мамандар мен университет оқытушылары қатысып, өзекті тақырыптар бойынша мазмұнды баяндамалар жасады. Қатысушылар маңызды мәселелер төңірегінде пікір алмасып, елдің тұрақты дамуы мен қоғам алдындағы жауапкершілікке қатысты өз көзқарастарын ортаға салды.
Осындай танымдық әрі тағылымдық іс-шаралар жастардың азаматтық ұстанымын нығайтуға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және ел болашағына деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Тәуелсіздік – елдігіміздің тұғыры, мемлекеттілігіміздің негізі және ұлттық дамуымыздың басты құндылығы.
