🥉 ОАИУ СТУДЕНТІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ!

Орталық Азия инновациялық университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасы ЮК-25-4 тобының студенті Абибула Ерасыл Бауыржанұлы Грекия Республикасының Салоники қаласында жастар арасында өткен жауынгерлік самбодан әлем чемпионатында жоғары спорттық шеберлік пен табандылық танытып, III орынға ие болды.

Әлемдік деңгейдегі додада қола жүлдені жеңіп алу – спортшымыздың жүйелі дайындығының, қажырлы еңбегі мен жеңіске деген ұмтылысының айқын нәтижесі.

Бұл жетістік Ерасылдың спорттық мансабындағы маңызды белес қана емес, сонымен қатар Орталық Азия инновациялық университеті мен «Құқық» кафедрасының абыройын халықаралық деңгейде асқақтатқан зор мақтаныш.

Абибула Ерасыл Бауыржанұлын әлем чемпионатындағы қола жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жеңістерге жетіп, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!

Share this Post