Балаларды қорғау күніне орай “Бизнес және туризм”кафедрасының ұжымы балалар үйіне барып, бүлдіршіндермен қуанышты сәттерді бөлісті.

Балаларды қорғау күніне орай “Бизнес және туризм”кафедрасының ұжымы балалар үйіне барып, бүлдіршіндермен қуанышты сәттерді бөлісті. Өзімізбен бірге спорттық киімдермен түрлі тәттілер ала бардық.🛍️
Бұл күн тек сыйлық сыйлау емес, балалардың жүзіндегі күлкіні көріп, оларға қамқорлық пен мейірім сыйлаудың маңызын тағы бір мәрте сезінген күн болды.
Әрбір бала бақытты балалық шаққа, жылулық пен сүйіспеншілікке лайық. Біз олардың армандары асқақ болып, болашақтары жарқын болуына тілектеспіз.
Балалардың шат күлкісі – біздің ең үлкен сыйымыз. 🌟
Бақытты балалық шақ — әр баланың құқығы!
1 маусым – Балаларды қорғау күні құтты болсын! ❤️

Share this Post