2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша белсенді жастарды марапаттау рәсімі өтті
2026 жылдың 25 мамыр күні Орталық Азия Инновациялық университетінде «OAIU Awards Ceremony 2025–2026» атты университет көшбасшыларының 2025–2026 оқу жылына арналған қорытынды кеші жоғары деңгейде өтті.
Аталған іс-шара барысында университеттің қоғамдық өміріне белсенді атсалысып, жастар саясаты, шығармашылық, еріктілік және студенттік өзін-өзі басқару бағыттарында ерекше белсенділік танытқан студенттер мен ұйымдар арнайы марапаттарға ие болды.
Кештің басты мақсаты – оқу жылы бойы белсенділік көрсеткен жастарды қолдау, олардың еңбегін бағалау және студенттер арасында көшбасшылық қасиеттерді дамыту. Салтанатты жиында үздік студенттер, белсенді ұйымдар мен жастар қозғалысының көшбасшылары алғыс хаттармен және арнайы номинациялармен марапатталды.
Іс-шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, қоғам белсенділері және арнайы шақырылған лауазымды қонақтар қатысты. Қонақтар студент жастардың жетістіктеріне жоғары баға беріп, олардың болашақтағы бастамаларына сәттілік тіледі.
«OAIU Awards Ceremony 2025–2026» кеші студент жастардың жетістіктерін дәріптеп, олардың университет өміріндегі маңызын айқындайтын ерекше мерекелік шараға айналды.

