Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік профессорлардың дәрістері өтті
Орталық Азия Инновациялық университетінің «Педагогика және тілдер» факультетінің «Педагогика» кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ташкент қаласындағы «Альфраганус» университетінің профессоры Хужаев Муминжон Исохонович және «Ғылым және технологиялар» университетінің профессоры Абдуллаева Нилюфархон Мухамаджановна дәріс сабақтарын өткізді. Дәрістер барысында профессорлар білім алушылармен тәжірибе алмасып, педагогика саласындағы заманауи бағыттар, оқытудың инновациялық әдістері және білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер туралы баяндады. Аталған іс-шара білім алушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға және халықаралық тәжірибемен танысуына мүмкіндік берді.