«Заң және тәртіп» қағидаты аясында қысқаметражды фильмдер көрсетілді

«Заң және тәртіп» қағидасы аясында қысқаметражды фильмдер көрсетілді 2026 жылғы 17 сәуірде «Бизнес және құқық» факультеті Орталық Азия Инновациялық университетінің білім алушыларына «Заң және тәртіп» қағидасы аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырысымен дайындалған «Хулиганка» және «Не книжные закладки» атты қысқаметражды фильмдер көрсетілді. «Хулиганка» фильмінде қоғам тарапынан «бұзақы» ретінде қабылданатын жасөспірімнің ішкі жан дүниесі ашып көрсетіледі. Фильм кейіпкерінің агрессивті әрекеттерінің астарында қорқыныш, ішкі күйзеліс, әлеуметтік ортаның қысымы, өзін көрсетуге ұмтылыс және қоршаған ортаның мінез-құлыққа ықпалы жатқанын бейнелейді. Ал шынайы оқиғаларға негізделген «Не книжные закладки» әлеуметтік бейнежобасы синтетикалық есірткінің зияны туралы баяндайды. Онда есірткінің жасөспірімдер мен жастардың денсаулығы мен болашағына тигізетін ауыр зардаптары көрсетілген. Іс-шараның негізгі мақсаты — буллинг пен агрессияның себептері мен салдарын ашық талқылау, қоғамдағы стереотиптердің білім алушылардың мінез-құлқына әсерін түсіндіру, сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Көрсетілімнен кейін білім алушылар фильмдердің мазмұнын талдап, негізгі эпизодтарды кезең-кезеңімен талқылады. Сонымен қатар, олар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

Share this Post