Ұлттық кітап күніне орай кітап жәрмеңкесі өтті

2026 жылдың 20 сәуірінде Ұлттық кітап күніне орай Орталық Азия Инновациялық Университетінде кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған шара АМАНАТ партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының бөлімшесі, «TALLUP» кітап оқырмандар клубы және «QASYM КІТАП» баспасының бірлесуімен өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау, оқырмандық қызығушылықты арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.

Жәрмеңке барысында қатысушылар түрлі жанрдағы әдебиеттермен танысып, өз таңдауларын жасады. Шара жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани дамуына оң әсерін тигізді.

Share this Post