«Цифрлық ұрпақ: ЖОО педагогикасындағы инновациялық тәсілдер» тақырыбында әдістемелік семинар
2026 жылдың 17 сәуірінде «Педагогика» кафедрасы жас оқытушыларға «Цифрлық ұрпақ: ЖОО педагогикасындағы инновациялық тәсілдер» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырып, өткізді. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің жетекші ғалымдары, пс. ғыл. к., «Психология» кафедрасының профессоры, Алимбаева Р.Т. және «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры п.ғ. к. Баймуканова М.Т., семинарда сөз сөйледі. Кездесуде студенттермен және жас оқытушылармен кәсіби тәжірибе алмасу болды. Қатысушылар белсенді көзқарастары, кәсіби диалогқа түсуге дайындығын және оқу үдерісіне заманауи әдістерді енгізуді талқылады.
