Оқытушыларға арналған «Білім берудің цифрлық трансформациясы: оқытушылар мен университеттер үшін жаңа мүмкіндіктер» атты семинар
2026 жылдың 16 сәуірінде Орталық Азия Инновациялық университетінің «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» кафедрасы университеттің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектерін шығару бойынша ғылыми әлеуеті мен сауаттылығын арттыру үшін «Заманауи оқу басылымын құру: идеядан басылымға дейін» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырып, өткізді. Аудитория алдында EDP HUB Publishing (Eurasian digital Platforms Hub) сарапшысы, бас маманы Гүлжауар Бикжанова сөз сөйледі. Өз сөзінің аясында сарапшы цифрлық технологияларды жоғары білімге интеграциялау мәселелерін атап өтті, онлайн-оқытудың тиімді әдістемелерін ұсынды және оқытушылар құрамының кәсіби даму перспективаларын белгіледі. Талқылау барысында қатысушылар оқу процесінде цифрлық құралдарды пайдаланудың практикалық аспектілерін, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңғыртуды және ЖОО-ның цифрлық инфрақұрылымын дамытуды қарастырды. Мұндай іс-шараларды өткізу оқытушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған және университетте инновациялық білім беру ортасын құруға ықпал етеді.
