Орталық Азия Инновациялық университетінде халықаралық конференция өтті
2026 жылғы 15–16 сәуір күндері Орталық Азия Инновациялық университетінде «Ғылым мен білімнің тұрақты дамуы: жасанды интеллект пен цифрлық дәуірдегі жаңа стратегиялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция жоғары деңгейде өтті.
Шара аясында шетелдік қонақтарға қазақ халқының салт-дәстүрі дәріптеліп, құрмет ретінде шапан жабылып, жоғары деңгейдегі сертификаттармен марапатталды.
Ауқымды конференция ғылым мен білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, сондай-ақ заманауи технологиялар мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін саралауға бағытталды. Қатысушылар цифрлық трансформация жағдайындағы білім беру жүйесінің жаңа бағыттары мен даму стратегияларын кеңінен талқылады.
Халықаралық жиынға Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан және Қарақалпақстан елдерінен жоғары оқу орындарының ректорлары, жетекші ғалымдар мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Қонақтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, бірлескен ғылыми жобаларды дамыту және академиялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін көтерді.
Іс-шара қорытындысында білім беру мен ғылым саласындағы халықаралық серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды келісімдер мен бастамалар ұсынылды. Бұл өз кезегінде университеттің жаһандық білім кеңістігіндегі орнын айқындап, болашақтағы бірлескен жобаларға берік негіз қалады.


