Халықаралық дәріс: шетелдік ғалым тәжірибесімен бөлісті
2026 жылғы 8 сәуірде Орталық Азия Инновациялық университеті базасында халықаралық деңгейдегі маңызды академиялық іс-шара өтті. Университетке арнайы шақыртумен Ankara University (Түркия Республикасы) өкілі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Periyeva Karaman Sevil дәріс оқыды.
Шақырылған ғалым 6B01601 – «Тарих», 7M01703 – «Орыс тілі мен әдебиеті», 6B01702 – «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған мазмұнды дәрістер өткізді.
Дәрістер барысында студенттердің кәсіби және академиялық дамуына бағытталған өзекті мәселелер қозғалып, халықаралық тәжірибе мен заманауи білім беру әдістері таныстырылды.
Іс-шара білім алушылар мен оқытушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, тәжірибе алмасуға және білім беру сапасын арттыруға жаңа серпін берді.
