Жастар кадр резерві және мемлекеттік қызмет: студенттермен кездесу
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Керімханұлы Қадырбековпен, Шымкент қаласындағы ірі оқу орындарының студенттері арасында кездесу болып өтті. Кездесуге «Бизнес және туризм» кафедрасының студенттеріде қатысты.
Қанат Керімханұлы жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдері туралы, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларға енгізілген соңғы өзгерістер, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасы, мемлекеттік қызметке қатысуын ынталандыру үшін арнайы грант жүйесі негізінде дипломы бойынша (GPA) баллдары 3,33-тен жоғары бітірген түлектерге төменгі лауазымдарға тағайындау мүмкіндіктері жөнінде ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2025-2026 оқу жылына оқуға қабылдау ережелерін түсіндірді.
