Университет студенттері мен оқытушылары Alfraganus University-де академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда

Орталық Азия Инновациялық университеті білім алушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы аясында университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары үшін білім көкжиегін кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
 
Шетелдік жоғары оқу орындарының тәжірибесімен, білім беру жүйесімен және оқу үдерісімен танысу мақсатында 2026 жылдың 2 наурыз күні университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында орналасқан Alfraganus University университетіне тәжірибе алмасу және білім алу мақсатында жолға шықты.
 
Alfraganus University – Өзбекстандағы білім алушыларға заманауи технологиялар мен инновациялық білім беру бағдарламалары арқылы білім беретін жас әрі қарқынды дамып келе жатқан жоғары оқу орны. Университет құрамында 8 факультет және 37 білім беру бағдарламасы бар.
 
Аталған университетте біздің студенттер келесі білім беру бағдарламалары бойынша білім алуда:
  1. 6В04105 – «Экономика»•6В11104 – «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі»
  2. 6В01702 – «Орыс тілі және әдебиеті мұғалімдерін даярлау»
  3. 6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
  4. 6В06103 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
  5. 6В01501 – «Информатика мұғалімдерін даярлау»
  6. 6В02101 – «Сән, интерьер дизайн және өнеркәсіп дизайн»
  7. 6В01509 – «Математика»
 
Сонымен қатар, университетіміздің профессор-оқытушылары да тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысуда. Атап айтқанда:
  • «Экономика және басқару» кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушысы Иманбаев Али Асанович
  • «Тілдер және әдебиет» кафедрасының аға оқытушысы Ажибекова Гульнара Олжабаевна
  • «Техника және ақпараттық технологиялар» кафедрасының магистр-оқытушысы Туракулов Алишер Пердалиевич
 
Оқытушыларымыз Alfraganus University студенттеріне дәріс оқып, университеттің профессор-оқытушылар құрамымен жас мамандарға сапалы білім беру бағытында тәжірибе алмасуда.
 
Университетіміздің атынан оқытушыларымыз бен білім алушыларымызға жаңа білім мен тәжірибе игеруде табыс тілейміз!
 
 
Share this Post