Құқық бұзушылық пен киберқылмыстың алдын алу бойынша ақпараттық іс-шара
2026 жылғы 27 ақпанда «Құқық» кафедрасы мен аға тәлімгер Асилбекова Л.Р. ұйымдастыруымен қызметкерлер мен студенттерге арналған «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» тақырыбында ақпараттық іс-шара өткізілді.
Қазіргі уақытта мобильді құрылғыларға зиянды бағдарламаларды орнату арқылы жасалатын киберқылмыс фактілері тіркелуде. Іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ өзге де қылмыс түрлеріне жол бермеу бағытында жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Аталған іс-шараға Шымкент қаласы Ішкі істер департаментінің Киберполиция қызметкерлері және адвокаттар алқасының адвокаты Сейдахметов Джамал мырза шақырылды.
