Сүгір Әліұлы атындағы мектепте ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, Ашық есік күні өтті
17.02.2026 жылы Орталық Азия Инновациялық Университетіне Созақ ауданы Сүгір Әліұлы атындағы жалпы білім беретін мектебімен меморандумға қол қойылды және де мектеп оқушылары ашық есік күні аясында арнайы келді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ талапкерлерді студенттік өмірмен таныстыру, олардың мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттыру және студенттермен еркін форматта пікір алмасу болды.
Кездесу барысында оқушыларға университеттің оқу ғимараттары мен заманауи материалдық-техникалық базасы, сондай-ақ спорт кешені кеңінен таныстырылды. Университет өмірі, білім беру мүмкіндіктері мен студенттік белсенділік туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Қонақтар көтеріңкі көңіл-күймен, жағымды әсер алып қайтты.
