Студенттерге мемлекеттік жастар саясатының мүмкіндіктері таныстырылды
Орталық Азия инновациялық университетінде Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы мен Еңбек мобильділігі орталығының бастамасымен студенттерге арналған мемлекеттік жастар саясаты бағдарламалары бойынша ақпараттық кездесу өтті.
- «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Жұман Жансерік Бауыржанұлы
- Әл-фараби ауданы бойынша Мансап орталығының басшысы Нұрбол Мұратұлы Шымкентбаев
- Отбасы банк қаржы кеңесшісі Избасарова Алия Ералиевна
Кездесу барысында жастарға жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлік, гранттар мен мемлекеттік бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Бұл – студенттердің өз болашағын саналы жоспарлауына жасалған маңызды қадам!
