«Бизнес және құқық» факультеті «Парасат» колледжінің білім алушыларымен кездесу өткізді.
3 ақпанда ОАИУ-дың акт залында Бизнес және құқық факультеті «Парасат» колледжінің бизнес, құқық және туризм бағыттары бойынша білім алып жатқан студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кафедра меңгерушілері аталған білім беру бағдарламаларының ерекшеліктеріне тоқталып, олардың артықшылықтары мен мазмұны туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар талапкерлерге оқу үдерісі, қабылдау талаптары және болашақ кәсіби мүмкіндіктер жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, білім алушылардың қызығушылығын тудырды және болашақ білім беру бағытын таңдауға пайдалы мәліметтер алуға мүмкіндік берді.
