Спартакиада «Денсаулықты университет»
2026 жылдың 28–29 қаңтар күндері Орталық Азия Инновациялық Университетінде «Салауатты Университет» жобасы аясында қызметкерлердің физикалық белсенділігін арттыру, ұжымдық бірлікті нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дәстүрлі спортакия өтті.
Спартакия аясында волейбол, үстел теннисі, арқан тарту және мас-рестлинг сынды спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Қызметкерлер жоғары белсенділік танытып, командалық рухтың жарқын үлгісін көрсетті.
Кафедралар арасындағы жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
🥇 1 орын – Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн кафедрасы
🥈 2 орын – Химия, биология және экология кафедрасы
🥉 3 орын – Математика, физика және информатика кафедрасы; Экономика және басқару, Құқық кафедралары
🏆 Спартакияның бас кубогын «Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасы иеленді. Аталған кубок жыл сайын дәстүрлі түрде спартакия жеңімпаздарына табысталады.
Орталық Азия Инновациялық Университетінде «Салауатты Университет» жобасы аясында қызметкерлердің белсенділігі мен ұйымшылдығы әрдайым жоғары бағаланып, салауатты өмір салтын қолдау басты назарда.