«Инновация – білім беру сапасы» оқу-әдістемелік семинары

Университетте 2026 жылғы 6–16 қаңтар аралығында «Инновация – білім беру сапасы» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға практикалық тәжірибесі мол 26 профессор-оқытушылар құрамы қатысып, білім беру үдерісінде инновациялық және цифрлық технологияларды қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында университет ректоры Ажидинов А.С. инновациялық тәсілдердің, соның ішінде өндіріс орындарымен байланыс аясында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданудың білім беру сапасын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.

Семинар қорытындысы бойынша білім беру сапасын арттыруға қосқан үлестері үшін 22 ПОҚ ректор Ажидинов А.С. тарапынан Алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, Педагогика кафедрасының магистр-оқытушысы Көлбай Әсемгүл Рысжанқызы аға оқытушылық қызметке ұсынылып, мәселені Ғылыми кеңесте бекіту ұсынылды.

Share this Post