«Психологиялық қолдау — жанның кеңістігі» атты семинар өтті
2025 жылғы 02 желтоқсан күні Орталық Азия Инновациялық университетінде «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Психологиялық қолдау – жанға кеңістік ашу. Қасында болу – шешіп беру емес» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті.
Семинарды «Педагогика» кафедрасының практик-магистр оқытушысы Атаева Жанат Қалназарқызы жүргізді. Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға адамның эмоционалдық әлеміне құрметпен қараудың маңызы, тыңдай білудің, сезімді қабылдаудың, кеңес беруге асықпай, тек қолдау көрсетудің негізгі қағидалары жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар психологиялық қолдаудың адамға сенім сыйлап, ішкі мүмкіндіктерін ашуға көмектесетін маңызды үрдіс екеніне назар аударды.
Семинар соңында Сапа мониторинг бөлімінің басшысы Қылышбаева Гүлнар Бакирамовна өз ойымен бөлісіп, іс-шараның мазмұндылығы мен практикалық маңыздылығына жоғары баға берді.
Қорытындылай келе, психологиялық қолдау – адамның ресурсын арттырып, өзін терең түсінуге және өз шешімін табуға жол ашатын маңызды бағыт екені атап өтілді. Қатысушылар семинар барысында алған білімдерін күнделікті қарым-қатынаста тиімді қолдануға дайын екендіктерін білдірді.
Семинар жоғары деңгейде, мазмұнды әрі қызықты форматта өтті.
