«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» конкурсына кандидаттарды қарау және ұсыну туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» республикалық конкурсын жариялады. Осыған байланысты Орталық Азия Инновациялық университеті конкурсқа кандидаттарды ұсыну үшін құжаттарды қабылдау және қарастыру жұмыстарының басталғанын хабарлайды.

Құжаттар Министрлік талаптарына сәйкес қабылданады. Кандидаттарды қарастыру кафедралар деңгейінде және құрылымдық бөлімшелерде жүзеге асырылады. Іріктеу нәтижесінде конкурсқа университет атынан ұсынылатын оқытушылар анықталады.

Қажетті құжаттардың тізімі мен тапсыру мерзімі туралы толық ақпаратты кафедра меңгерушілерінен немесе университеттің тиісті бөлімінен алуға болады.

Құжаттар тізімі:

  1. Хаттама №3/1 2025г.
Share this Post